Алматы облысында 10 отбасы баспаналы болды
Көптен күткен қоныстой! Республика күні қарсаңында Алматы облысы, Қарасай ауданында он отбасы баспаналы болды. Пәтер кілттері мүгедектігі бар, көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топ санатындағы жанұяларға берілді. Баспана мемлекеттік тұрғын үй қорының есебінен салынған.
Анар Сақтағанова үй кезегінде 10 жылдан бері тұрған. Осындай шаттыққа толы қуанышты сәтті асыға күткендігін айтады. Жалпы ауданда жыл сайын мемлекеттік бағдарламамен жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп келеді.
Анар Сақтағанова, Қаскелең қаласының тұрғыны:
- Осы үйді 10 жыл күттік. Енді арманымызға жеттік. Тура 25 қазан күні үйді алып отырмыз мейрамға қарсы. РаҚмет көптен-көп. Осы үйде өсіп-өніп көбейейік!
Жасұлан Естенов, Қарасай ауданының әкімі:
- Құдай бұйыртса, бұл жұмыс әрі жалғасып, жылдың аяғына дейін әлі 50 пәтерді тапсыратын боламыз. Жылдың бірінші жартыжылдығында біз 30 пәтердің кілтін тапсырған болатынбыз.