Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілер жетіспейді
Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілер жетіспейді. Әсіресе тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс пен сәулет және жер қатынастары бөлімдерінде маман тапшы. Кейбір лауазымды орындардың бір жыл және одан да көп уақыт бос тұрғаны анықталған. Жалпы бұл салада 4 мың 83 штат болғанымен, бүгінгі таңда онда 3 мың 659 адам еңбек етіп жатыр. 63%-і жергілікті атқарушы органдарға тиесілі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Ескендіровтың айтуынша, мемлекеттік апараттағы штаттардың 10%-тен астамы бос. Мұндай статистика соңғы үш жылда тұрақты сақталып отыр.
Асхат Ескендіров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы:
- Қазіргі таңда Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41,8. Жұмыс өтілі бойынша яғни орташа еңбек өтілі 12,8 жылды құрайды. Осы үшінші тоқсанның қортындысы бойынша мемлекеттік органдарында бос орындар саны 424 бірлікті немесе 10,4 пайызды құрайды.