Қостанайлықтардың коммуналдық берешегі 1 млрд 67 млн теңгеден асты
Қостанай облысы халқының коммуналдық қызметке берешегі 1 млрд 67 млн теңгеден асты. Оның басым бөлігі жылуға тиесілі. Қарызды өндіріп алу үшін жылу энергетикалық компаниясы жаз бойы әкімдік, құқық қорғау органдарымен бірге рейд ұйымдастырған. Нәтижесінде қарыз біршама азайды. Тек қана облыс орталығы тұрғындарының жылуға берешегі жарты миллион теңгеге жуық. Борышкерлер ісі бойынша сот орындаушыларына жіберілген 251 шешімнің осы күнге дейін тек үштен бірі ғана орындалған.
Дәурен Асқаров, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Тұрғындардың коммуналдық қарызы былтырғы жылдың қазан аймен салыстырғанда 130,2 млн теңгеге көп. Коммуналдық қызметтер үшін берешекті азайту жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Бұл кәсіпорындарға энергия ресурстары үшін есеп айырысуды уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді.