Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік жобалар таныстырылды
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, форум барысында мүгедектігі бар ересектер мен балалардың жүріп-тұруы мен кәсіби білім алуына жағдай жасау және өзге де қолдау шаралары паш етілді. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың тың бастамалары мен ұсыныстары және жұмыс нәтижелері кеңінен айтылды. Шараға 20-дан астам үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты. Негізгі мақсат азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасында тығыз байланыс пен ынтымақтастық орнату. Форум ұйымдастырушылары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттілігін өтеуде әрбір ұйымның маңыздылығын атап өтті.
Захира Бегалиева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі:
-Кез келген НПО-ның жұмысы маңызды. Бұл жерде тек өздерін көрсету емес, басқалармен танысу, жаңа идеялар табу, мына жерде жастар жүр мүмкін өздеріне көмекшілер табу. Сондай ғой, бір-бірін табыстырып жүздестіру.