Хабар телеарнасы

Ұлытау облысында шенеуніктердің ісі сотқа жіберілді

Ұлытау облыстық Табиғи ресурстар басқармасы басшылығына қатысты қылмыстық істер аяқталды. Еске салсақ, көктемдегі су тасқыны кезінде 10 жеке тұрғын үй су астында қалған еді. Ал жалпы Жезді кентіндегі 24 үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланған. Ол «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды», ал өзге тұлғалар «Жезді өзенін тазарту жобасы шеңберінде тиісті жұмыс істемеді» деген күдікке ілінген еді. Қазір қылмыстық істің материалдары Сотқа жіберілді.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-Тергеу барысында құрылыс нормалары орындалмағаны сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқулауларға жол берілгені анықталды. Бұл жобалаушы мәлімдеген өзеннің су көлемінің өткізу қабілетін азайтты. Облыстың Табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген. Қылмыстық істің материалы сотқа жіберілді. ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.