Хабар телеарнасы

«Аңсаған сәби»: Павлодар облысына 266 квота бөлінді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл Павлодар облысына 266 квота бөлінді. Өңірде мемлекеттік бағдарламаға қатысып, бедеулікті экстракорпоралдық әдіспен жеңген отбасылар көп. Жалпы бала сүйе алмаған ерлі-зайыптыларға облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ана мен бала» денсаулығын қорғау бөлімі жан-жақты көмек береді. Оларға «Аңсаған сәби» бағдарламасының шарттары түсіндіріледі. Облыста жасанды жолмен бала сүйгісі келетін екі мыңдай отбасы тіркелген.

Гүлнәр Жармакина, Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің жетекшісі:

- «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылғалы, яғни үш жыл ішінде Павлодар облысында 272 нәресте дүниеге келді. Биыл 84 отбасы оң нәтижеге қол жеткізді. Олардың екеуі егіз. Сол сияқты 103 теріс нәтиже тіркелді. Қалған 79 отбасы өз кезегін күтіп отыр.