Ұлытау облысында халықтың денсаулығын кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді
Ұлытау облысында қоршаған орта мен халықтың денсаулығын кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мамандар былтырғы жылдың сәуір айынан бастап Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданы халқының денсаулығын бақылауға алды. Сондай-ақ өңірдегі өсімдіктер мен жануарлардың жай-күйін тексеріп, ауа, топырақ және судан сынама алған. Кешенді жұмыстың қорытындысы атқарушы билік өкілдері мен экологтарға және жергілікті халыққа ұсынылған. Ғылыми-зерттеу тобының мүшесі Ерлан Сәдуақасов: «Облыстың кейбір аумағында экологиялық көрсеткіштер көңіл көншітпейді»,– дейді.
Ерлан Сәдуақасов, ғылыми-зерттеу тобының мүшесі:
-Мысалы, Сәтпаев, Жезқазған, Талап, Жезді, Қарсақбай, Кеңгір ауылдарының территориясы топырақтың ластануы бойынша біраз аумағын экологиялық, ЧС аймағына жатқызуға болады. Қоғамдық тыңдау өтеді. Содан кейін Экология министрлігіне соңғы жауап алу үшін жібереміз. Оң жауабын алсақ, онда Үкімет іс-шара жасап, қай жерде қандай бағыт бойынша ЧС жариялауға болады деген тұжырымдама беріліп, содан жұмыстар әрі қарай жүргізілетін болады.