Каспий теңізіне шамамен 17 млрд текше метр су жіберілді
Биыл Жайық өзенінде су көлемі артқан. Сондықтан Каспий теңізіне шамамен 17 млрд текше метр су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары мәлімдеді. Негізінен Жайықтың ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан жіберілген су көлеміне байланысты қалыптасады. Су тасқынының алдын алу үшін жыл басынан бері трансшекаралық өзендердің мәселелері бойынша жауапты министрлік Орталық Азия елдерімен 28 кездесу өткізген.
Еріс Исмаилов, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің бас маманы:
- Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны 9,46 текше шақырымды құрайтын. Бірақ биылғы жылы су көлемі орташа жылдық нормадан асып түсті. Жыл басынан бері министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінен келген әріптестерімен 28 кездесу өткізді.