Хабар телеарнасы

Адам өміріне қауіп төндіретін ірі жер сілкінісі күтілмейді - маман

Бүгінгі дүмпу сейсмикалық өңірге тән және тұрақты болатын құбылыс. Алматыда жыл соңына дейін магнитудасы 5,5 баллдан жоғары жер сілкінісінің болу ықтималдығы төмен. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мамандары осылай дейді. Ал сиреналық және дауыс зорайтқыш құрылғылар мен Mass Alert жүйесі магнитудасы 5,5 балл және одан жоғары дүмпу кезінде сейсмикалық датчиктерден сигнал түскен жағдайда автоматты режимде толық іске қосылады. Сондықтан мамандар тұрғындарды үрейленбеуге шақырады. «Алматы қаласы мен облысының тұрғындары жер сілкінісі кезінде не істеу керегін білуі қажет. Сондай-ақ тоқсан сайын өтетін сейсмикалық жаттығуларға қатысып тұруы керек»,– дейді мамандар.

Елизавета Есенжігітова, Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары:

-Бұл қорытынды бойынша бүгін немесе осы аптаның соңына дейінгі ірі жер сілкінісі, адам өміріне қауіп төндіретін немесе қандай да ғимараттардың қирауына әкелетін ірі жер сілкінісі күтілмейді. Таңертеңгі жер сілкінісінен кейін үш афтершок болып өтті. Бұл үш афтершоктың болуы осы эпицентрдің қалыпты жағдайға келуін хабарлайды.