Хабар телеарнасы

Тараздық оқушылар мүгедектігі бар жандарға арналған протез ойлап тапты

Таразда мектеп оқушылары мүгедектігі бар жандарға арналған протез ойлап тапты. Ерекшелігі қол-аяғы қимылсыз қалған адамдар сол құралдың көмегімен мүгедек арбасын жылжытып, ұялы телефон мен компьютерді, тіпті кондиционерді басқара алады. Жаңа жобаны Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары 2 жылда жасап шыққан. Құрылғы жақ-сүйекке киіледі. Мүгедектігі бар адам тіл арқылы немесе басын шұлғып жұмыс істей береді. Мысалы, арбаны солға немесе оңға бағыттау үшін басын бұрса жеткілікті. Жас өнертапқыштар туындыға авторлық құқық алған. «Енді демеуші тауып, өндіріске шығарсақ»,– дейді. Себебі елдегі 700 мың мүгедектің 12% ғана білім алып, жұмыс істейді екен. 

Қанат Тәжіхан, жоба авторы:

-Қазіргі таңда біз Данил деген бала таптық, оның қолдары өте әлсіз. Оған протезімізді беріп, эксперимент жасадық. Ол осы протез арқылы бізге сайт жасап берді. Осы сайт арқылы біз Үміт протезімізді көрсететін боламыз. Осы арқылы олар бағдарламалау ететін болады. Білім алатын болады, ютубта видеолар қарайтын болады, курстан өтетін болады.