Ресеймен шекарадағы «Құрманғазы» бекетінде жүк көліктер кептелісте тұр
Атырау облысының Ресеймен шекарадағы «Құрманғазы» өткізу бекетінде көлік кептелісі пайда болды. Соңғы мәліметке сәйкес, шекарада 300-дей ауыр жүк көлігі тізіліп тұр. Қалыптасқан жағдайға Атырау-Астрахань автомагистралының ашылуы себеп болған. Орталық Азия мен Ақтау портынан шыққан жүк көліктері Атырау облысы арқылы ағыла бастады. Салдарынан шекара қызметі мен мемлекеттік кірістер комитетінің тексеру бекеттері оларды рәсімдеп үлгере алмай жатыр. Бұрын тәулігіне 200-дей ауыр жүк көлігі қатынаса, қазір 2 есеге артқан. Мамандар: «Шекара бекетінің көлік өткізу мүмкіндігін арттыру үшін қосымша жолақтар салу қажет»,– дейді.
Мейрамбек Шманов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
-Мемлекеттік кірістер органдарының және шекара қызметінің тарапынан Көлік министрлігіне хаттар жолданды. Себебі өткізу пунктінің кеңейту жөнінде. Қазір Ресейге қарай 2 жолақ, бізге қарай да 2 жолақ. Басқа пункттерде 4 жолақтан ол да бір себеп болуы мүмкін.