Хабар телеарнасы

Итбалықтар неге қырылып жатыр?

Ресми статистикаға келсек, Каспий жағалауында 24 қазаннан бері 850-ге жуық итбалық қырылған. Оның 3 пайызы балықшы торына тұншықты деген болжам бар. Ал қалған жануарлардың қырылуы - жұқпалы ауруларға немесе теңіздің ластануына байланысты болуы мүмкін. Нақты қорытынды тек келесі жылдың басында ғана белгілі болады. Әзірге отандық ғалымдар ресейлік әріптестерімен бірлесіп зерттеу жүргізіп жатыр. Қазір сынама алудың өзі қиынға түсіп отыр. Себебі өлі итбалықтардың өлекселері жағада көп жатып қалған.

Аян Бахиянов, ҚР АШМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

-Ал енді осы алынған сынамалардың қорытындысы ғалымдардың айтуынша 3-4 айға дейін созылуы мүмкін. Өйткені зертханалық зерттеулер өте күрделі. Ықтимал себептері енді - теңіз ортасының ластануы, жұқпалы және вирустық аурулар өршуі. Оның ішінде жыртқыш аңдардың обасы және де острая пневмония дейді.