Хабар телеарнасы

Ақтау теңіз порты арқылы контейнерлік жүк тасымалы 23 есе артты

Қазақстанды Еуразияның негізгі көлік-логистикалық орталығы ретінде құру - стратегиялық міндет. Бұл ретте Транскаспий бағыты айқын басымдыққа ие. Жыл басынан бері Ақтау теңіз порты арқылы контейнерлік жүк тасымалы 23 есе артты. «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша өткен жылы 11 контейнерлік пойыз Қазақстан су айлағында кемеге тиеліп, шетел асса, биыл 220 контейнерлік пойыз тасымалданған. Бұл бағыт екі ел басшыларының бастамасымен іске қосылған. Қазір су айлақтарының аумағы кеңейтіліп, терминалдар салынып жатыр. Бірнеше инвестициялық жоба қолға алынды. Олар жүзеге асырылса, порттың өткізу қуаты қазіргі 12 миллионнан 16 миллион тоннаға дейін артпақ.

Абай Түрікпенбаев, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК басқарма төрағасы:

-Биыл Құрық портында айлақтардың түбін тереңдету, ұзарту қолға алынды. Мұндай жұмыстар енді Ақтау портында жасалады. Жоспар бойынша жағалау түбінен 1,03 млн текше метрдей топырақ алынады. Оны порт аумағын 70 гектарға ұлғайту үшін қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл жобаға қазірдің өзінде инвесторлар қызығушылық танытып отыр.