Хабар телеарнасы

Қазақстан – Әзербайжан ынтымақтастығы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып жатыр

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық жыл сайын артып, әртүрлі салаларда жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. 2023 жылы екі елдің мемлекеттік мұнай компаниялары маңызды келісімге қол қойып, жылына 1,5 млн тонна казақстандық мұнайды «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры арқылы тасымалдауды бастады. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы транзиттік жобалардың тағы бір маңызды бағыты – уран тасымалы. 2023 жылы Қазақстанның Казатомпром компаниясы Әзербайжан арқылы әлемнің бірнеше еліне 2 308 тонна уран өнімін жеткізді. 2024 жылы Қазақстан, Әзербайжан және Грузия теміржол компаниялары бірлескен кәсіпорын құрды. Бұл серіктестік Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай қысқартады, әрі халықаралық сауданы жеделдетеді.

Заур Гахраманов, Socar президентінің кеңесшісі:

-Екі елдің мемлекеттік басшылары арасындағы тұрақты байланыс, стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған шешімдері маңызды рөл ойнайды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің қатысуымен өткен кездесулерде аталған мәселелер талқыланып, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды.