Хабар телеарнасы

2023 жылы интернеттегі алаяқтар мемлекетке ₸21 млрд шығын келтірді

Былтыр интернеттегі алаяқтар мемлекетке 21 млрд тг көлемінде шығын келтірді. Соңғы 5 жыл ішіндегі ысырап мөлшері 55 млрд теңгеге тең. Әккі әрекетпен айналысқан 35 мыңнан астам шетелдік интернет-ресурс бұғатталды. 64 млн жалған қоңырау шалудың алды алынды. Бұл туралы республикалық «Alayaq.net» жобасының екі жылдық жұмысын қорытындылау жиынында айтылды. Құқыққорғау органдары мен волонтерлер заңсыз онлайн казинолар сияқты алаяқтықтың 200-ден астам схемасын әшкереледі. Бұл іс-шара Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» атты тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Еске сала кеткен жөн, Президент биылғы Жолдауында Үкіметке интернеттегі алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуді тапсырған болатын 

Нұрсұлтан Орынбеков, Alayaq.net жобасының жетекшісі:

-Телефонға арнайы код жібереді, бір уақыттары поштаға гүл жібереді дейді. Түрлі схемалармен адамдардың сеніміне кіру арқылы олардың аттарына несие рәсімдеу деген сияқты көп таралған алаяқтық схемалардың бірі. Одан кейін қаржылық пирамидаларға адамдарды тарту, инвестиция артына жасырылған түрлі алаяқтар бар. Солар азаматтарға байытамыз, ақшаларымызды еселеп береміз деп ақшаларын алып, сол схемаларға көбіне студенттер, жұмыссыз жастар, солардың барлығын кіргізіп, екі тарапты шығынға ұшыратып отыр ғой.