Ақтөбеде қайтарылған активтер қаржысына балабақша салынады
Қазақстанға қайтарылған активтерге Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап балабақша салынады. Оның құрылысына 7,8 млрд теңге бөлінді. 300 орындық мектепке дейінгі мекемеде ерекше бүлдіршіндер тәрбиемен қатар түзету көмегімен де қамтылады. Қазір облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2 жарым мыңнан астам бала бар. Бірақ олардың 1320-сы ғана мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Сондықтан жаңа нысанды ата-аналар асыға күтеді.
Жадыра Дүйсенғали, қала тұрғыны:
- Өте керемет болар еді. Себебі біз коррекционный кабинеттерге барамыз ғой. Онда жарты сағат, 40 минуттан сабақ жасаймыз. Қалған уақытта өзіміздің қалтамыздан шығарамыз. Мысалы, мен өзім көпбалалы анамын. Ол маған кәдімгідей көрінеді. Оны қазір емдемесе, ертең өзім өкініп қаламын. Неге осылай кезінде емдемедім деп. Ал егер балабақша болса, ол бала социумға үйренер еді.