Хабар телеарнасы

Маңғыстау өңіріндегі газ тапшылығын шешу үшін 828 тонна автогаз жеткізілді

Маңғыстау өңіріндегі газ тапшылығын шешу үшін Шымкенттен 828 тонна автогаз жеткізілді. Облыс әкімдігінің дерегінше  осы аптада жергілікті зауыттан және Атыраудан қосымша 956 тонна сұйық отын тасымалданады. Айта кетейік, Маңғыстауда әр 10 көліктің сегізі газбен жүреді. Сұйытылған отынға ай сайынғы сұраныс 18 мың тонна. Соның 16 мың тоннасын Жаңаөзендегі зауыт өндіреді. Қалғаны Атыраудан жеткізіледі. Қазан айынан бері автогаз құю бекеттерінде көлік кезегі көбейгенін айтқанбыз. Мамандар бұл жағдайды Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарымен байланыстырды. Қазір аймақта сұйытылған отынның бір литрі 59-64 теңгеден сатылып жатыр.