Алматыда жаңа реновация бағдарламасы қабылданды
Қаладағы тұрғын үй қорын жаңартуға арналған бағдарлама аясында 2030-шы жылға дейін 676 ескі үй бұзылып, тұрғындар жаңа пәтерге көшіріледі. Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі – тұрғын үй иесінің құқығын қорғау тетіктері енгізілді.
Атап айтқанда, ескі үй бұзылғанда меншік иесіне баспанасын жаңа пәтерге ауыстыру немесе нарықтағы бағасына қарай ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ барлық меншік иесі келісім берсе ғана үй бұзылады. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға пәтерді бірінші қабаттан беру немесе жеделсатысы бар үйге көшіру қарастырылған.
Қазір Алматыда 1 мың 366 ескі үй бар. Ол үйлерде 43 мыңнан астам адам тұрып жатыр.
Жасұлан Шайкенов, «Алматы қаласы әкімдігі үрделі құрылыс кәсіпорны» Реновация департаментінің директоры:
- Жаңа бағдарлама біздің өкілеттіктерімізді кеңейтеді. Бұған тек тозығы жеткен тұрғын үйлер ғана емес, сонымен қатар жеке тұрғын үйлер жатады. Сондықтан 1366 үй сол бағдарламаға жатады. Бұл қаланың барлық 8 ауданын толығымен қамтиды. Ескі үйлердің көпшілігі негізінен Түркісіб ауданында орналасқан.