Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге жаңа шағынаудан салынды
Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа шағынаудан салынды. Онда 700 адам тұрады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты. Енді бұл шағынауданда мектеп пен балабақша құрылысы жоспарланып отыр. Топан судан үйінен айырылып, зардап шеккен тағы 1400-ге жуық отбасына пәтер сатып алынды. Бригадалар 241 үйді қалпына келтіріп, 2 мыңнан астам апатты үйді қиратты. 1600-ден аса меншік иелері үйлерін өз бетінше жөндеген. «Зардап шеккен әрбір тұрғынға жөндеуге өтемақы төленді»,– дейді әкім.
Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Ақшалай өтемақы толық көлемде төленді. Уәде бергеніміздей, барлығы баспана алды. Бұл ретте Президент үндеуіне құлақ асып, солтүстікқазақстандықтардың баспана алуына қаражат бөлген меценаттар бар. Осылайша, Петропавлда жаңа «Бірлік» шағынауданы салынды.