Хабар телеарнасы

Қазақстан тауарлары Иран нарығына шығарылады

Қазақстан тауарлары Иран нарығына шығарылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы елмен еркін сауда туралы келісімді ратификациялады. Құжаттың мақсаты – тараптардың сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту. Бұған дейін екі ел арасында өзара алыс-беріс бойынша уақытша уағдаластық болған. Нәтижесінде тауар айналымы 500 млн долларға дейін жетті. Бұл толық әлеует емес. Енді соны дамытуға тағы бір қадам жасалды. Жаңа нарыққа Каспий теңізі арқылы және теміржолмен тауар жеткізуге болады. Сондай-ақ әуе қатынасы да бар. 

Айтуар Қошмамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жалпы Иран мемлекеті өте үлкен ел. 85 млн адам тұрады. Иран мен Қазақстан арасында осы келісімшарт қойылғаннан кейін 700 мың тонна бидай және 690 тонна арпа квота беріледі. Яғни Иран нарығына бізден барады. Біздің өндірушілерге өте ыңғайлы, пайдалы.