Хабар телеарнасы

Павлодар облысында «Мейірім FEST» акциясы ұйымдастырылды

Павлодар облысында Халықаралық волонтёрлар күніне орай «Мейірім FEST» акциясы ұйымдастырылды. Отыз мыңдай оқушы атсалысқан ауқымды іс-шараның мақсаты - жастарды қайырымдылыққа баулу.

Волонтёрлыққа енді ғана қадам басқан жеткіншектер, яғни бастауыш сынып оқушылары балалар үйіне және өздерінің кішкентай іні-қарындастарына арнап ойыншықтар жасады. Ал жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері жалғызілікті қариялардың үйін жинап, ауласындағы қарын күреп берді. Сонымен қатар макулатура мен пластик құтылар жинап, қайта өңдеуге тапсырады. Экологиялық акциядан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады. 

Әсем Айыпова, оқушылар сарайының әдіскері: 

- Қайырымдылық жасау үшін бай болудың керегі жоқ. Ең бастысы – адамның өзінің ішкі жан дүниесі таза, жүрегі таза болуы керек. Сондықтан осындай мейірімді істерге, қайырымды істерге баулу – бұл ұстаздардың басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан бүгін оқушылар сарайында үлкен іс-шараның басты мақсаты осы.