Хабар телеарнасы

ОПЕК + мұнай өндіру көлемін арттырмайды

ОПЕК + елдері 2025 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру көлемін арттырмауға келісті. Осы ұйымның 38-министрлік басқосуы барысында 8 мемлекет Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман бөлек кездесу өткізді. Аталған елдер 2023 жылдың сәуір және қараша айларында өз еркімен мұнай өндірісін қысқартатынын жариялаған. Енді осы келісімін тағы да ұзартты. Бұл мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған шешім. Жалпы соңғы апталарда қара алтын бағасы арзандап барады. Өйткені шикізатқа ғаламдық сұраныс төмендейді деген болжам бар. Сонымен қатар ОПЕК + құрамына кірмейтін мемлекеттерде өндіріс көлемі артқан.