Хабар телеарнасы

Тұздың да тыйымы бар

Сенатта көтерілген мәселе бүгін Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығында да қозғалды. Әңгіме тұзды шамадан 3,5 есе артық тұтынатынымыз жайлы. Бұдан түрлі дерт оянып, адам өмірі қысқаратыны айтпаса да түсінікті. Сарапшылардың айтуынша, тұзды шамадан тыс тұтыну көрсеткіші жоғары Еуропа мемлекеттеріне қарағанда Қазақстан алда. Жиынға қатысқандар мәселені шешуде халықаралық тәжірибе мен негізгі тәсілдерді талқылады. Адам тұзды көп тұтынғанда жүрек-қан тамырлар ауруы, қант диабеті мен семіздікке шалдығады. Тіпті балалар арасында жұқпалы емес аурулардың таралу деңгейінің өсуіне әсер етіп жатыр.

Найля Қарсыбекова, медицина ғылымдарының докторы:

-Жұқпалы емес аурулардың жоғары деңгейі күрт өсіп жатқандықтан осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Яғни жұқпалы емес аурулар бұл қандай да бір инфекциялық агент арқылы берілмейтін ауру болғанымен, бірақ қауіп фактор болып табылады. Бүгін барынша артық тұзды тұтынудың даму патогенезін, салдары қандай болуы мүмкін және бұл мәселені қалай шешуге болатындығын талқылап, ортақ шешімдер жасадық.