Хабар телеарнасы

Ақтауда 200-ден астам сарбаз әуе қорғанысы бригадасына қабылданды

Биыл күзде Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау өңірінен әскерге шақыртылған жастар Отанын қорғауға ант берді. Енді олар Каспий жағасында шоғырланған әскери бөлімде борышын өтейді.

Бір айлық тактикалық арнайы дайындықтан өткен жауынгерлер әртүрлі мақсаттағы бөлімшелерге бөлінді. Салтанатты рәсімінен соң жас сарбаздардың жақындары қоян-қолтық ұрыс тәсілдері қойылымын және қару-жарақ көрмесін тамашалады. 

Ярослав Щетинин, сарбаз: 

- Бүгінгі таңда №51809 әскери бөлімінде ант қабылдау рәсімі болып жатыр. Мен осыдан 40 күн бұрын Ақтөбе қаласынан келдім. Бір ай ішінде біз әскери сапқа тұруды үйрендік, қаруды ашып-шашып жинауға. Алдағы уақытта бәріміз ер болып қайтамыз деген ойдамын. Әрқайсымыз елімізді, жерімізді қорғау керекпіз.