Хабар телеарнасы

Дала өртін ерте анықтау және экожүйелерді ғарыштан бақылау күшейтіледі

Елімізде дала өртін ерте анықтау және экожүйелерді ғарыштан бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев мәлімдеді. «Автоматтандырылған жүйе қазірдің өзінде еліміздің бірнеше орманды алқабында бар. Бірақ алдағы уақытта олардың санын арттыру көзделіп отыр»,– деді вице-министр. Себебі жасанды интеллектің көмегімен ғарыштан бақылау арқылы өрт аумағын, әсіресе жасырын өрт ошақтарын ерте анықтап, одан туындайтын шығындардың көлемін 15 есе азайтуға болады. Сондай-ақ еліміздегі барлық ірі өндіріс ошақтарында одан шығатын зиянды қалдықтарды бақылайтын құрылғы орнатылады. «Бұл жаңа технология ауанының ластану көрсеткішін төмендетуге сеп»,– дейді мамандар. 

Ерболат Қожықов, ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

-91 кәсіпорын, ірі компаниялардың ішінен 60% көбісі қазір уже мониторинг жүйелерін орналастырды. Қазіргі таңда соны енді біз онлайн режимде көріп отырмыз. Жылдың аяғына дейін қалған ірі компаниялар орналастыруға міндеттеме алды. Оның ішінде 91-дің ішінде 12 коммуналдық 5 энергетикалық кәсіпорындар бар. Енді 25-жылдың аяғына дейін қалған 12 коммуналдық және 5 энергетикалық кәсіпорындар орнатады деген үміттеміз.