Хабар телеарнасы

Шерзат ісі: тергеу аяқталуға жақын

Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасы хабарлады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды. Қазіргі кезде сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар құзіретті орган Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу мен Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін жеткізді.