Хабар телеарнасы

Қостанай облысында болат дайындамалар өндіретін кәсіпорын ашылады

Қостанай облысында болат дайындамалар өндіретін жаңа кәсіпорын ашылады.

Оның қуаты жылына 1 млн тонна өнім өндіруге жетеді. Өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы кәсіпорын жоспарымен танысты. Сондай-ақ Премьер жүк көліктеріне арналған шойын құймаларын шығаратын зауыт базасына барды. Аймақта келер жылы қуаты жылына 75 мың өнім дайындауға қауқарлы екінші кәсіпорын іске қосылады. Келер жылы облыста Kia автокөлігін өндіретін зауыт та жұмысын бастайды. Компания өкілдері Премьерге 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын айтты. Бүгінде негізгі өндірістік корпусты салу, іргетасын қалау, сондай-ақ металл конструкцияларын монтаждау жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ Олжас Бектенов «СарыарқаАвтоПром» компаниясының өндірістік қуатымен танысты. Қазір индустриялды аймақта ауданы 30 мың шаршы метр болатын Локализация орталығының құрылысы жүргізілуде.