Хабар телеарнасы

Бірыңғай уақыт белдеуі: не ұтамыз?

Биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Оның адам денсаулығына әсерін бағалау 2025 жылы аяқталады.

Жаңа белдеуді зерттеуге бұрын жоспарланғаннан аз қаражат жұмсалады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінде хабарлады. Осылайша, бұл мәселеге 160 емес, 54 млн теңге бөлінеді.

Айта кетейік, бүгінде әлемнің 175 мемлекеті бірыңғай уақыт белдеуін қолданады. Бұл экономика жағынан тиімді. Мысалы, Франция үшін Еуроодақтағы серіктестірімен жұмыс істеуге септігін тигізді. Ал Түркияда 2016 жылы бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін жалпы ішкі өнім көлемі айтарлықтай артқан екен. Мәселен, Үндістан жер көлемі жағынан ауқымды болғанымен, бір уақытпен жүреді. Бұл елде бірыңғай уақыт белдеуі 1947-ші жылы тәуелсіздік алғалы қолданылады. Ал оған дейін әр өңірдің орналасқан белдеуіне қарау түрлі уақыт болған. Оны өзгерту туралы шешім бүкіл ел бойынша үйлестіру жұмыстарын жеңілдету үшін қабылданған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл елдің IT саласында табысының еселеп артуына әсер еткен.