Хабар телеарнасы

Елімізде айыппұлдардың көлемі өсті

Биылдан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіштің көлемі өзгерді. Оның мөлшері 3 932 теңге болып бекітілді. Соған сәйкес, енді кез келген төлем, соның ішінде айыппұл көлемі де артады. Әрі бірқатар заң талаптары да өзгерді. Сонымен айыппұл арқаласаңыз қанша төлейсіз? Бірнеше құқықбұзушылық бойынша тарқатып айтайық.

Егер рәміздерді қорласаңыз, 11 796 000 теңге төлейсіз. Ал пәтерге кіреберісте қоқыс салынған дорбаны қалдырған азамат 78 640 теңге айыппұл арқалайды. Кешкі сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін тыныштықты бұзған адам 19 660 теңге төлейді. Қоғамдық орында түкірген, сондай-ақ белгіленбеген орында қоқыс тастағаны үшін де осындай мөлшерде айыппұл қаралған. Ал мұғалім мен дәрігерге тіл тигізіп, балағаттағандар 39 320 теңге төлейді.

Бұдан өзге, мұндай талап көлік жүргізушілеріне де қойылып отыр. Соның ішінде темір тұлпарды белбеу тақпай немесе телефон пайдаланып басқарсаңыз, жолда жылдамдықты асырсаңыз, айыппұл қарастырылған. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі мезгілде жүруі де жауапсыз қалдырылмайды.