Хабар телеарнасы

Үкімет басшысы Түркістан облысының жаңа әкімін таныстырды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды. Кездесуде Премьер-министр облысқа бүгінге дейін әкім болған Дархан Сатыбалдыға өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі. Ал жаңа әкімнің алдында жаңа міндеттер тұр. Президенттің "Ana tili" газетіне берген сұхбатында айтылған экономиканы нығайту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсаты аясында, басым бағыттар қатарында экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кластерлік өндіріске көшу, «TURAN» арнайы экономикалық аймағы мен өңірдің жалпы инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлік-логистикалық әлеуетті ашу және агро-өнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту жүктеліп отыр.