Хабар телеарнасы

Жаппай жол апатының шығыны қалай өтеледі?

Өткен жұма күні жаппай жол апатына ұшыраған көлік иелеріне қандай өтемақы беріледі? Мамандардың айтуынша бұл жүргізушінің қандай сақтандыру түрін рәсімдегеніне байланысты. Егер зардап шеккен көлік иесінде ерікті сақтандыру шарты болса оқиғаға қай тараптың кінәлі екеніне қарамастан шығынды өндіріп алуға болады.  Оған толық құқылы. Ал міндетті сақтандыру жүйесінің иелері тек кінәлі жүргізушінің сақтандыруын ала алады. Оның шекті мөлшері кей компанияларда 8 млн теңгеге дейін жетеді. Егер жәбірленуші бірнеше адам болса осы ақша олардың арасында бөлінеді. Жәбірленушілер жетпеген соманы кінәлі азаматтан сот арқылы өндіре алады.