Қыстың қақ ортасында Түркістан облысында банан пісіп жатыр
Қыстың қақ ортасында Түркістан облысында банан пісіп жатыр. Сайрам ауданындағы 5 гектар жылыжайда өсірілген экзотикалық жемістен екінші өнім алынды. Түрік технологиясы негізінде іске қосылған жылыжайға 2023 жылы 7 400 түп банан көшеті отырғызылған. Тропикалық жемістің алғашқы өнімі былтыр мамыр айында жиналды. Жылыжайдағы температура +15 градус. Өнім көлемін арттыру үшін тамшылатып суару әдісі қолданылады. Жұрт сүйсініп жейтін жеміс Алматы, Астана, Шымкент қалаларының сауда сөрелеріне жөнелтілуде. Өнімнің өзіндік құны келісіне 500-600 теңге.
Ислам Әлиев, кәсіпкер:
- Қазақстанның өзіне 100 мың тонна банан Эквадордан келеді. Біз 20-30 пайыз нарықты жабу үшін тағы да 20-30 бес гектарлық жылыжай салайын деп жатырмыз. Бұдан бөлек тағы да бір 90 гектарымыз бар. Авакадо, манго, ананас егейін деп жатырмыз, тропикалық, экзотикалық өнім шығарамыз.