Хабар телеарнасы

Биыл еліміздің үш курорттық аймағында әуежайлар салынады

Атап айтқанда, елдің шығысындағы Қатонқарағай, Зайсан және батыс аймақтағы Кендірліде пайда болады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіледі.

Қазіргі таңда нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау ісі қолға алынды. Сондай-ақ теңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмысы жүріп жатыр. Нәтижесінде порттың өткізу қабілеті жылына 240 мың жиырма футтық эквивалентке дейін артады. Бұл еліміздің халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.