«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды
Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салды.
Акционерлік қоғам қызметкерлері ағынды суларды жер қойнауына жіберіп, қалдығын жинақтау кезінде тиісті шектеу орнатпаған. Сондай-ақ мұнай жылыту пештерінен ластаушы заттардың қоршаған ортаға шамадан тыс шығарылғаны анықталды.
Қадағалаушы орган ұсынысымен мұнай мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.