Қостанай облысында бруцеллез ошағы анықталды
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында бруцеллез ошағы анықталды.
Жұқпалы дерт бұл жолы Новоселов ауылындағы ірі қара өсірумен айналысатын серіктестіктің 95 сиырынан табылған. Қазір қалған төрт түліктен қан алынып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өткен жылдың басынан бері облыста анықталған төртінші бруцеллез ошағы. Енді ол аумақта сауықтыру шаралары қолға алынбақ. Ауылдан мал мен ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған.
Төлеген Иманбаев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
- Құжаттары дайындалып, бәрі болған соң, содан кейін біздің республикалық РПО дейді, республикалық эпидемияға қарсы жасақ кіріседі жұмысына, қан алып, зертханаға жеткізеді. 15-20 күннен қан алынып, зерттеледі. Екі рет бруцеллез көрсетпеу керек. Содан кейін ошақ жабылады.