Хабар телеарнасы

Елордада вокзалдағы тастанды баланың анасы табылды

Елордада ескі теміржол вокзалында қалған баланың анасы табылды.

Астана стансасындағы желілік басқарма қызметкерлері әйелді полиция бөліміне жеткізді. Белгілі болғандай, ол бұрын психиатриялық диспансерлік есепте болған. Ал балдырғанды қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша әлі тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын үш жастағы баланың теміржол вокзалында қалғаны туралы ақпарат жария болған еді. Бұл жағдай көпшіліктің алаңдаушылығын туғызып, жұрт қараусыз қалған бүлдіршінді аяп, әлеуметтік желіге пікірлерін жазып жатты. Кейін полиция мен білім басқармасы тиісті шараларды қолға алғанын мәлімдеді. Қазір ол балаларды қолдау орталығына орналастырылған.