Хабар телеарнасы

Сырдария өзенінде бөгеттер нығайтылып жатыр

Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағында су басу қаупі бар 28 аумақ анықталды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аталған учаскелерді тәулік бойы бақылауға алған.

Аймақта былтыр күзден бері өзен бөгетінің 7 учаскесі нығайтылды. Олардың қатарында Аманөткел, Ақсу, Шәменов, Талсуат және ПМК 29 елді мекендерінің тұсындағы бөгеттер де бар. Бүгінде облыс аумағына Сырдария арқылы секунтына 457 текше метр су жіберіліп жатыр. Оңтүстік аудандарда толық мұз қатып үлгермеген. Сондықтан кез келген сәтте қауіп туындауы мүмкін.

Бейбітхан Спанов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Қармақшы ауданы Қорқыт ата станциясының тұсында нығайту жұмыстары жүргізілуге тиіс болатын. Мейлінше биылға үлгермеді, қазіргі уақытта тиісті жұмыстар дайындалып, бітіреміз деген жоспар бар. Барынша дайындық әзірлікте, қай уақытта, қандай мөлшерде су келсе де төтенше жағдайдың алдын алу бағытында пысықтап, әзірлеп отырмыз.