Хабар телеарнасы

Елде гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану бойынша ұйымдар құрылды

Еліміздің 9 облысында гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында жаңадан ашылған мекемелердің жұмысы қарастырылды. Арнайы 15 ұйым Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында жұмысын бастады. Енді әкімдіктер бұл мекемелерге білікті мамандарды тарту мәселесін қарастырады.