Хабар телеарнасы

Алматы облысында заңсыз салынған құрылыс нысандары анықталды

Алматы облысында соңғы екі аптада заңсыз салынған он шақты құрылыс нысаны анықталды. 7 дерек бойынша әкімшілік іс сотқа жолданды. Құрылыстың заңсыз жүргізілгені дәлелденсе, қожайынына айыппұл салынып, нысандар бұзылады. Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өткен жылы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес 745 іс қозғалғанын мәлімдеді.