Биыл қызылша мен ковид дертін жұқтырған науқастардың қатары айтарлықтай азайған. Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан қызылшаның 64, ал коронавирустың 51 жағдайы тіркелген. Тұмауға шалдыққандардың да саны 20% азайған. «Бұған халықтың басым бөлігінің уақытылы екпе салғаны әсер етті»,– дейді мамандар.