АЭС: бес мың жұмыс орны ашылады
Атом энергетика саласына маманданғысы келетін жастар көбейіп келеді. Ол заңды да. Себебі елімізде АЭС салынады. Бұл саланы әрі қарай ілгерілету үшін де озық тәжірибелі кадрлар керек. Алдағы 4 жылда отын-энергетика кешендеріне 16 мың маман қажет.
Елімізде атом энергетикасы саласындағы мамандықтарға қызығушылық артқаны байқалады. Шамамен 5 пайызға өскен. Болашақ физиктердің бірі Берік Балта. Ол қазір Астанадағы ұлттық университетте оқып жүр.
Берік Балта, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 4-курс студенті:
- Болашақта ядролық физика менің ойымша, қатты дамиды. Әсіресе біздің елде. АЭС салынып жатыр. Ол да өзінің жаңа мүмкіндіктерін ашуы керек. Біздің мамандықтар үшін жұмыс табылуы қажет.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет 20 жыл бұрын ядро-физика бағытында мамандарды даярлайтын бөлім ашылған. Бүгінге дейін 2 мыңнан астам маман даярланған. Олардың басым бөлігі халықаралық компанияларда ядролық және медициналы физика бағытында жұмыс істейді.
Диана Қадыр,тілші:
- Бұл – электро-вакуумдық құрылғы. Білім алушылар мұны электр толқындардың құрылысын толық зерттеу үшін қолданады. Одан бөлек, мұнда күннен, желден, судан электр энергия желілерін алуға болатын арнайы оқу-құралдары бар. Мәселен, биыл Германиядан арнайы күннен энергия алатын мына құрылғыны әкелген.
Балжан Сатанова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра оқытушысы:
- Ядролық физика мамандығы 5 жыл. 4 жылы біздің Еуразиялық ұлттық университет қабырғасында алады. Ал бесінші жылы үздік тәлімгерлеріміз Дурна қаласының университетінде өз білімдерін шыңдайды. Тек бұл жақта ядролық физика емес, конденсирленген физикасы, атомдық-физика, ядролық реактор және медициналық физика бойынша да олар зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.
Биыл республика бойынша аталған бағыттарға 10 мыңға жуық студент түсті. Ал қазір елімізде атом өнеркәсібінде 25 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Соның 15 мыңы – өндіріс қызметкері.
Алдияр Тоқтаров, Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының төрағасы:
- Қазір атом және энергетика саласында бітірген мамандар аз болып отыр. Біздің қауымдастығымыз жаңа Young professionals network инсативасын аштық. Осы салада жұмыс істейтін жас мамандар, не болмаса шетелдерде оқитын жас мамандарды біріктіріп, оларға бір-бірімен сөйлесу және де атом саласындағы өте атақты, көп тәжірибелі мамандармен диолог жасау үшін платформа береді.
Осы университет түлектері елімізде салынатын атом электр станциясы мамандарының қатарын толықтырады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, АЭС құрылыс жобасы аясында 2030 жылға қарай шамамен 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Ал энергетика саласында 20 мыңнан астам маманға сұраныс туындайды. Түркия, Франция, Ұлыбритания, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және Ресейден білікті мамандар жұмысқа тартылады.
Диана Қадыр, Айбек Ақшолақов