Бюджет кодексі Мәжіліске қайтарылды
Сенат депутаттары Мәжілістің бұған дейін қабылдаған Бюджет кодексі туралы Заң жобасын кері қайтарды. Сенаторлар заңнамаға бірқатар түзетулер енгізді. Депутат Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, негізгі өзгерістердің бірі – бюджеттің қазіргі шығыстарын жабу және қазақстандық компаниялардың ішкі қаржы құралдарын инвестициялау үшін Ұлттық қор қаражатын пайдалануға тыйым салу. Сондай-ақ мемлекеттік органдар Ұлттық қордан алған қаржыны нысаналы трансферттерді Ұлттық қорға міндетті түрде қайтаруы тиіс. Өйткені соңғы жылдары Үкімет Ұлттық қорға жиі қол салатын болған. Ал Президент 2030 жылға қарай қор қаржысын 100 млрд долларға жеткізуді тапсырған болатын. Жалпы сенаторлар жаңа Бюджет кодексіне бас-аяғы 70 шақты түзету енгізді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бұл кодекс – бюджет саясатының тиімділігін, бюджет үдерісінің ашықтығын, оған қатысушылардың жауапкершілігі мен дербестігін арттыруға бағытталған. Заңдарды қарау барысында Сенат депутаттары бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ететін тетіктер мен басқа да тетіктер бойынша түзетулер қабылдады.