Хабар телеарнасы

Дубайда өткен жарыста еліміздің 5 командасы үздік ондыққа енді

Дубайда өткен «SWAT Challenge  2025» жарысында еліміздің 5 командасы үздік ондыққа енді. Шешуші кезең қазақ пен қытай құрамалары арасында өрбіген тартысты додамен ерекшеленді. «Сұңқар», «Сардар», «Арыстан» жасақтары соңына дейін күресіп, бас жүлдеден үмітін үзбеді. 5 күндік бәйгеде қазақстандық бөлімшелер қойылған тапсырманы тиянақты әрі үлкен шеберлікпен орындаған. Ал көпшілік асыға күткен ақтық кезеңде де сарбаздарымыз жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы есепте Қытай полициясы бірінші және үшінші орынды иеленсе, екінші сатыға «Сұңқар» жайғасты. Ішкі істер министрлігінің жасағы әлем біріншілігінің екі кезеңінде жеңімпаз деп танылды. Ал Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты, «Сардар А» бөлімшесі ел қоржынына үшінші алтынды салған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы «Арыстан» ұжымы болса, күміс пен қоланы қанжығалап үлгерді. Айта кеткен жөн, биылғы бәсеке көрігін Томирис қыздар командасы қыздырды.. Ел намысын қорғап барған бұрымдылар қойылған тапсырмаларды түгел орындап, кей ерлер командасын артта қалдырды.

Arystan жасағының қызметкері:

- Бір жарым айдың ішінде осы команданы құрып, дайындаған нұсқаушыларға рахмет. Біздің жоғары басшыларға рахмет, барлығына көмектесіп, керек жарақтарының бәрін тауып беріп. Көбісі, 90 процент жарысықа бірініші рет қатысып тұрған жігіттер.