Хабар телеарнасы

Отандық және шетелдік фильмдерге прокаттау куәлігі берілуі мүмкін

Жуырда ел кинотеатрларында көрсетілетін отандық және шетелдік фильмдерге прокаттау куәлігі берілуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Министрдің сөзінше, қазір заңнаманы күшейту жұмыстары жүргізілуде. Егер өзгерістер қабылданса, бейәдеп сөздер және араздық тудыратын ерсі қылықтар бар фильмдер сүзгіден өтпеуі мүмкін. Сондай-ақ, министрлік ұлттық кино мен телехикаяларды шетелге экспорттау мәселесіне де назар аударуда. Барлық қазақы туындыларды біріктіру үшін, ұлттық стриминг платформасын іске қосу жоспарланған. Бірақ кино саласындағы негізгі басымдық Қазақфильмді қайта түлетуге қойылады.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

-  Президент қол қойған заңға сай, енді елімізде түсірілетін фильмдердің жалпы көлемінің кемінде 30%-ы тікелей «Қазақфильмге» бағытталады. Бұл киностудияның жұмысын тиімді, әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты болуына мүмкіндік береді. Бұл жерде ерекше атап өткім келетіні – мемлекеттен бөлінетін әр тиынның есебі, сұрауы бар. Сондықтан, бұл қаражат сараптаудан өткен лайықты туындыларға ғана бөлінеді.