Академик Дархан Қыдырәлінің 5 кітабы шет тілдерге аударылды
Еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Дархан Қыдырәлінің 5 кітабы шет тілдерге аударылды. Атап айтқанда еңбектер енді қырғыз, орыс, әзербайжан және түріктілді оқырмандарға қолжетімді бола түсті. Астанада осы тарихи, деректі-ғұмырнамалық кітаптардың тұсаукесері өтті. Олардың мазмұны түркі әлемі, ортақ тарих, таным мен тұлғалар жайлы. Мәселен Қорқыт ата, Манас, Науаи, Мизами, Мұстафа Шоқай сияқты тұлғалар қамтылған. Дархан Қуандықұлының түркі әлемін зерттеп жүргеніне 30 жылдан асты. Диссертация, докторлық жұмыстары да осы тақырыптарға арналған екен.
Дархан Қыдырәлі, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі:
- Аударма деген өте маңызды сала. Біздің ортақ тарихымыз, ортақ тұлғларамыз көп аударылуы керек. Біз көбінесе басқа тілдер арқылы бір-бірімізді түсінетінбіз. Қазір тікелей аударма жолға қойылып келе жатыр. Әсіресе қазақ тілінен Түрік тіліне аударылды. Түркі әлеміне деген қызығушылық қазір орыс аудиториясында да көбейіп отыр. Сондықтан орыс тіліне аударылғаны да үлкен жетістік қой деп ойлаймын.