Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеп-тексеру басталды
Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеп-тексеру басталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің осы аймақтағы департаменті зауыт қызметінде монополиялық сипат бар деп күдіктеніп отыр. Нарықтағы мұнай өндіру көлемі мен бағасының динамикасына талдау жүргізілген. Нәтижесінде зауыттың соңғы үш жылда орташа бағаны 31% ұлғайтқаны анықталды.