Қызылордада жаңа ЖЭО құрылысы қарқын алды
Қызылордада жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқын алды. Қала үшін маңызды нысан жыл соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыруға 215 млрд теңге инвестиция тартылған. Қолданыстағы жылу орталығы 80% тозған. Соған қарамастан, қазандықтар ақаусыз жұмыс істеп тұр. Қазір кәсіпорынға 2 мыңға жуық нысан қосылған. «Жаңа жоба тарифтің көтерілуіне әсер етпейді»,–дейді мамандар.
Рауан Әбсейітов, жылу электр орталығының бөлім басшысы:
-Жаңа орталық сағатына 240 МегаВатт электр энергиясы мен 277 гигакаллория жылу энергиясын өндіреді. Бұл қаланы қуат көзімен толық қамтуға мүмкіндік береді.