Шетелдік орындаушылар Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарына, Алматы мен Астана қалаларына шығармашылық сапармен барды. Қытай Халық Республикасының Hunan Broadcasting System компаниясымен бірге қолға алынған «Voice Beyond Horizon» жобасы ұйымдастырылды. Бұл халықаралық жоба әлемге еліміздің атын асқақтатқан әнші Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің өнерпаздары еліміздегі туристік әрі тарихи-мәдени орындарды пойызбен аралаған.
Димаш Құдайберген, Қазақстанның халық әртісі:
- Байқаудың ережелері бойынша екі төреші отырды. Мен Қазақстан тарапынан. Сонымен қатар, Қытайдан келген танымал, әнші әріптестеріміз әділ қазылық етті. 100 ұпай деп алып қарасақ, мен 100-ге дейін ұпай санын бере алуға мүмкіндігім болды. Қасымдағы әріптесім де дәл солай.
Синсин Лу, жобаның бас режиссері:
- Жоба барысында біз 4 қалада болдық. Түркістанда терең қазақ тарихымен таныстық. Батыс Қазақстанда әдемі теңізді көрдік. Алматыда халықтың ыстық ықыласын сезіне алдық. Ал елорда дамыған, заманауи қала. Сондықтан, 4 түрлі сезімде болдық. Жобамыз жоғарғы деңгейде өтті деп ойлаймын.