Алатау қаласына арнайы құқықтық мәртебе берілді

  • 7
  • 26.09.2025, 19:38

Мемлекет басшысының Жолдауында: «Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс»,– делінген. Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды. Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негізін қалыптастыру.