Қостанайлық студенттер «Абай» спектаклін сахналады
Күрделі қойылымға әуесқой жас әртістер төрт ай дайындалған. Қостанай Мемлекеттік университеті жанындағы бұл театрға биыл 20 жыл. Осы аралықта қаншама жас өнер нәрімен сусындады. Қазір театр үйірмесіне 35 студент қатысады. Қойылымда соның 20-сы өнер көрсетті. Абай заманынан осы күнге дейін маңызын жоймаған қазақ қоғамындағы әлеуметтік тартыс әркімге де ой салады.
Айсәуле Әбдешқызы, «Шаңырақ» жастар театрының жетекшісі:
- Негізгі мына спектакльдің жүйесінде руға бөлінбесін адамдар, бәріміз қазақпыз, қазақ елінің азаматымыз делінген. Сондықтан ел үшін, жер үшін еңбек ету керек деген режиссерлік бағыт бар.